4 Тамыз 2026, 16:30 Фото: СІМ

Солтүстік Кипрде пышақталған бойжеткенге қатысты жаңа деректер анықталды

Солтүстік Кипрде пышақталған бойжеткенге қатысты жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Солтүстік Кипрде 22 жастағы қазақстандық бойжеткенді пышақтап кеткені хабарланған еді. Онда Никосия қаласындағы супермаркетте күдікті қазақстандық бойжеткенге шабуыл жасап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны, екеуі де ауруханаға жеткізілгені айтылды. 

Сыртқы істер министрлігі тексере келе жаңа мәліметтер анықталғанын мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде болған оқиғада зардап шеккен азаматқа қатысты келесіні хабарлайды. Мәліметтерді нақтылау барысында зардап шеккен азаматтың Қазақстанда туылғаны, алайда оның Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды, - деді ведомство хабарламасында.