14 Қазан 2026, 18:33 Фото: smrm.uz

Қырғызстандағы жер сілкінісінің дүмпуі Өзбекстанда сезілді

Өзбекстанда қуаты 3 баллға дейінгі жер сілкінісі болды.

Өзбекстанда 3 баллға дейін жер сілкінісі сезілді. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстанның Баткен қаласында орналасқан. Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмоболжау мониторингі республикалық орталығының мәліметінше, 14 қазанда сағат 13:50-де Баткен қаласының аумағында (Қырғызстан) жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 3,4, тереңдігі – 10 км құрады. Эпицентрден Ташкентке дейінгі арақашықтық оңтүстік-шығыс бағытта 251 км.

Өзбекстан аумағында жер асты дүмпулерінің қуаты:

  • Ферғана ауданы: 2–3 балл (эпицентрден 18 км);

  • Қуасай қаласы: 2–3 балл (20 км);

  • Марғилан қаласы: 2 балл (34 км);

  • Ферғана қаласы: 2 балл (25 км)

Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстанда жер сілкінгені хабарланды.