Скляр жеңілдетілген автонесие туралы айтты

Бұл туралы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысының  кулуарында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Біз мөлшерлемені 50%-ға төмендеттік, ӨКМ қаражаты түсе береді. Бұл қаржы табиғатты қорғау шараларына, осындай бағдарламаларға да жұмсалады. Бірақ жаңа айтқан бұл бағдарлама экологияны да жақсартады. Біз бизнес пен азаматтарымызға көліктерді жаңартуға көмектесеміз, осылайша қоршаған ортаны жақсартамыз, - деді Скляр. 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары жеңілдетілген автонесие халық арасында танымал екенін айтты. 

Ондай мүмкіндік болса, пайдаланамыз. (Жеңілдетілген автонесиелерді қосымша қаржыландыру туралы). Бағдарлама халық арасында өте танымал. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінді. Бағдарламаны  12 мыңнан астам адам  пайдаланды, - деді Романи Скляр. 

Роман Скляр осыған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкасына қатысты пікір айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы