"СК-Фармация" бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
"СК-Фармация" ЖШС-на қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.
"СК-Фармация" ЖШС-на қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "СК-Фармация" ЖШС қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 4-бап 189-бөлімі бойынша жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жарияланбайды, - деді Агенттіктің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "СК-Фармацияның" қызметіне қатысты Бас прокуратураға шағымданған болатын. Өтініш беру туралы шешім Жоғары аудиторлық палатаның аудит қорытындысы бойынша қабылданған. Депутат мемлекетке айтарлықтай залал келтірген заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін шағымдануға бел буған.
Базарбектің "СК-Фармация" ЖШС мен фармацевтикалық сала субъектілеріне қатысты жолданған шағымын әріптесі, депутат Мұрат Әбенов қолдап, қойды.
- 3,6 млн теңгеге дейін жалақы: Ең жоғары айлық алатын мамандықтар белгілі болды 09:37
- Қазақстанда доллар бағасы құбылуда: Айырбастау пунктеріндегі соңғы деректер 09:15
- Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды 08:57
- Өскеменде коммуналдық апат салдарынан бірнеше үйдің қабырғасы жарылды 08:54
- Бизнеске жеңілдік бола ма? Салық кодексіне жаңа өзгерістер енгізіледі 08:32
- КТК, NCOC және OPEC+: Мұнай бағасының өсуі Қазақстанға не береді? 08:16
- Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан мұржаның бір бөлігі құлады 08:11