Синтетикалық есірткі сатқандар ұсталды
2023 жылғы қаңтарда Шымкент қаласында Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірге синтетикалық есірткілерді сату әрекеттері үстінде адамдар тобын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру барысында «Б» азаматынан скочтпен оралған ішінде «мефедрон» психотроптық заты салынған 28 полиэтилен пакеттері табылды.
Тергеудің алдын ала анықтауы бойынша, топ басшысы мен оның екі көмекшісі «Telegram» мессенджері арқылы аймақта есірткі таратумен айналысқан.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және сот санкциясымен күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде тағы 5 балабақша салынады
Өзгелердің жаңалығы