Синтетикалық есірткі өткізумен айналысқан астаналық ерлі-зайыпты ұсталды
Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, аса ірі көлемде есірткі затын өткізумен айналысқан елордалық ұсталған.
Биыл маусым айында аса ірі көлемде есірткі затын сақтау және өткізумен айналысқан елорда тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматтың көлікжайын тінту барысында жалпы салмағы шамамен 40 келі болатын марихуана алынды, - деп атап өтті Сергей Ильиных.
Сонымен қатар ол бүгінгі таңда синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы проблемасы да өзекті екендігіне тоқталды.
27 шілде күні Астана қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тұрғылықты мекенжайы бойынша салмағы 3 келіден асатын «мефедрон» синтетикалық есірткімен ерлі-зайыптыны ұстады. Есірткі өндірумен айналысқан 1 фитозертхананың жолы кесілді. Сондай-ақ 20 маусым күні тұрғынүйдің жертөле ғимаратында «Каннабистік топқа» жататын өсімдік өсірумен айналысқан екі азамат ұсталды. Ұстау кезінде өткізуге дайындалып жатқан 6 келіден асатан «марихуана» алынды, - деп атап өтті бөлім басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 5 айда 358 есірткі қылмысы тіркелгені туралы жазған болатынбыз.