СІМ Үрімшідегі қазақтардың виза алу мәселесіне қатысты түсініктеме берді

Сыртқы істер министрлігі пандемиядан кейін Қытай шекарасынан келушілер саны едауір артқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, елімізге келгісі келетін этникалық қазақтардың саны бірнеше есе өсті. Сол себепті Үрімшідегі этникалық қазақтардың өздері электронды кезек ашқан.

Дегенмен, олар этникалық қазақтар болса да, Қазақстанға визасыз екі аптаға баруға рұқсат етілген Қытай Халық Республикасының азаматтары. Бірақ соған қарамастан, олар Үрімші қаласындағы біздің консулдыққа барып, сол жерден виза алуға тырысып жатыр. Азаматтар өте көп. Бізде ондағы қызметкерлер саны шектеулі, - деді Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанда консул болған Евгений Бобровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - Архив
Өзгелердің жаңалығы