СІМ Украинадағы Қазақстан елшілігін көшіруге қатысты айтты

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Киевтегі Қазақстан елшілігін толықтай эвакуациялау мәселесі жоқ. Біріншіден, Украинадағы бұл жағдайда біздің дипломатиялық қызметкерлеріміздің өмірі мен қауіпсіздігін қатерге тіге алмаймыз. Сондықтан қазір оларды басқа жерге көшіру туралы мәселені ойластырып жатырмыз, - деп атап өтті ведомство басшысы Сенаттың кулуарында өткен баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, қазіргі таңда дипломаттардың көп бөлігінің жұмыс орны Польшадағы Варшава қаласына ауыстырылған.

Олар өз қызметін сол жақтан (Варшавадан – ред.) жасап отыр. Одан бөлек, Киевте консулдық қалып отыр. Олар күн сайын Украинада жүрген азаматтарымызды қабылдайды. Көмек сұрайтындар, өзекті мәселелер өте көп. Толықтай эвакуациялау немесе уақытша жабу туралы айтуға себеп жоқ, - деді министр.  

Еске сала кетейік, бүгін Сенат отырысында Қазақстан-Түрікменстан арасындағы шекараға қатысты заң жобасын қабылданғаны туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы