14 Қараша 2022 2022, 16:22

СІМ: Қазақстан-Ресей шекарасын шегендеу мәселесі талқыланады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жуырда Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз жиырма үшінші отырысын өткізген. 

7-11 қарашада Мәскеу қаласында Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз жиырма үшінші отырысы өтті. Тараптар демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау бойынша жұмысты жалғастырды. Мемлекеттік шекара сызығын оның жекелеген учаскелерінде белгілеуге байланысты мәселелерді талқылады, сондай-ақ 2023 жылға арналған далалық демаркациялық жұмыстардың жоспарын бекітті, - деп атап өтті  ведомствоның ресми өкілі. 

Сонымен қатар ол комиссияның келесі отырысы қашан өтетінін айтты. 

Комиссияның келесі отырысы биыл желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағында өтеді, - деді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны шегендеуді аяқтау үшін 2-3 жыл керектігі туралы айтқан болатын. Министр екі ел шекарасының 30%-ы белгіленбегенін жеткізді.