Сібір жарасы. Жетіжарда төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Жетіжар ауылындағы төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігі мәлім еткендей, науқаста сібір жарасы анықталған жоқ. 

Аудан әкімінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, залалсыздандару жұмыстарының аяқталуына байланысты Жетіжар ауылында төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғынына жүргізілген ПТР және қан мен жара сынамасының нәтижесінде ауру белгілері анықталған жоқ. Медициналық диагноз: сол жақ бетінің стафилокок-стрептококты карбункул. Қазіргі таңда Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 20 қыркүйекте Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінген болатын. Сол себепті ауылда төтенше жағдай жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы