Шыңғыс Әрінов ресейлік әріптесімен тікелей байланыста - ТЖМ

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ресейлік әріптесі Александр Куренковпен тікелей байланыста, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Ресейдегі әріптесі, Төтенше жағдайлар министрі Александр Куренковпен тікелей байланыста. Екі ведомствоның басшылары су тасқыны жағдайы мен әрекет ету шаралары туралы өзекті ақпаратпен шұғыл түрде алмасуда, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін министрлік Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге келер қауіп жоқтығын айтқан болатын.

Сондай-ақ Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында су бөгетінің жарылғаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы