Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті: Зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы белгілі болды
Концерт кезінде сегіз адам медициналық көмекке жүгініп, бір қыз ауруханаға түсті.
18 жастағы бір қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 11 қазан таңертеңгі жағдай бойынша оның жағдайы біршама жақсарғанымен, әлі де ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Қызға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, мамандардың бақылауында, - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, 10 қазанда Шымкентте Қайрат Нұртас концертіне кіреберісте адамдар арасында кептеліс болған. Бұған дейін Freedom Афиша компаниясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын және құқық қорғау органдарына қажетті ақпаратты ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді. Компания концертті ұйымдастырушы Show Service болғанын, ал өзі билеттерді сатумен және еріктілердің жұмысымен айналысқанын айтты.
Сондай-ақ Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.