Шымкентте 36 жастағы белгілі асаба есірткімен ұсталды
Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Шымкент қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асабаны ұстады. Ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны С. есімді азамат болып шықты. Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған. Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және “мак” екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті. Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталуда, - деп жазылған хабарламада.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Еске салайық, бұған дейін косметика астына жасырылған 32 кг есірткіні әкелу әрекеті тоқтатылды.
Сондай-ақ, Шымкентте қарбыз арасында жасырылған есірткі плантациясы анықталды.