Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті атып кетті
Күдіктілер 21 жастағы жігіттің арқа тұсынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Оқиға 8 сәуірге қараған түні Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында болған. Белгісіз біреулер 21 жастағы жігіттің арқасынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.
8 сәуір күні Зайсан ауданының Полиция бөлімі тарапынан адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Екі күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қылмыс қаруы тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда жараланған жігіт жансақтау бөілімінде жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кеткені хабарланды.
Содан кейін ҚР СІМ Стамбулда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады.
Тағы оқи отырыңыздар:
Жамбыл облысында әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп, көз жұмды
Астанада арнайы жасақ қызметкерін атып кетті
Астанадағы тұрғындарды шошытқан «атыс»: Полиция оқиғаға түсініктеме берді