ШҚО-да сотталғандар «қамқорлық» көрсетеміз деп жаңадан түскен тұтқындардан ақша бопсалаған
Прокурорлар кінәлі тұлғалардың қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін дәлелдемелер жинады.
Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде арнайы прокурорлар бопсалау фактісін анықтады. Оқиға ҚР ІІМ ҚАЖК №22 мекемесінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2025 жылдың шілдесі мен қарашасы аралығында сотталған Ж. мен К. дене жарақатын саламыз деп қорқыту арқылы жаңадан келген сотталған М.-дан «қамқорлық» көрсеткені үшін ақша бопсалаған. Арнайы прокурорлар кінәлі тұлғалардың қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін жеткілікті дәлелдемелер жинап, қылмыстық іс сотқа жіберілді», - делінген ведомство хабарламасында.
Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 194-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың бұрынғы жаза мерзімдері ұзартылып, бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен үш адам ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтөбеде бопсалау және тонаумен айналысқан жеті күдікті ұсталды
Түркістандағы контрабанда: 200 млрд теңгені заңсыз шетелге шығармақ болғандар анықталды
Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы қатарластарын қорқытып, ақша бопсалаған