ШҚО-да 4,5 балдық жер сілкінісі болды

2025 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақ Ұлттық деректер орталығы мәлім етті,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Зілзала Астана уақытымен 07:54-те (Гринвич бойынша 02:54-те), Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде болды.

Жер сілкінісінің тереңдігі 16 шақырымды құрады. Оқиғаның энергетикалық класы 10,9 деп бағаланған. Қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ, - деп жазылған Қазақ Ұлттық Деректер орталығы хабарламасында. 

Бұған дейін Ақтауда екі балдық жер сілкінісі сезілгені хабарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы