ШҚО әкіміне үміткер болған Көшербаев пен Сапанов қанша дауыс жинады?

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысу үшін Өскемен қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлихан Смайылов депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Ермек Көшербаев пен Дархан Сапановтың кандидатураларын қарауға ұсыну туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес 117 депутат Е.Көшербаевтың кандидатурасын қолдады, 36 депутат Д.Сапановқа дауыс берді. 

Дауыс беруге барлығы 153 депутат қатысты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ШҚО-ны бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен кетті. Оның орнына экс-елші Ермек Көшербаевтың тағайындалғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы