Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
"Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын", - деп хабарлады Ақордада.
Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев
-
Туған жылы: 04.07.1957;
-
Туған жері: Алматы облысы Қаскелең ауданы Абай ауылы;
-
Білімі: 1980 жылы КСРО ІІМ Шимкент арнайы орта мектебі;
-
1987 жылы - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі;
-
1991-1992 жж. - Ресей Федерациясы ІІМ Академиясы;
-
Полиция генерал-майоры (2002).
-
Заң ғылымдарының кандидаты, (2005 ж.).
1978 ж. - СПМК слесарі;
1980-1984 жылдары - Алматы облыстық атқару комитетінің ІІБ-нің СИ-1 мекемесінің жедел бөлімінің инспекторы, ИТК-71 жедел бөлімінің инспекторы, бөлім бастығы;
1984-1988 жылдары - Қаскелең РОВД-ның қауіпсіздік бөлімінің бастығы, ТЖД-нің аға офицері;
1988-1989 жылдары - Қаскелең ауылдық полиция бөлімінің бастығы;
1989-1991 жылдары - Балқаш АІІБ бастығы;
1992-1994 жылдары - Қылмыстық полиция басқармасының бастығы, Алматы облысы Ішкі істер басқармасының ТЖД бастығы;
1994-1995 жылдары - Қаскелең полиция басқармасының бастығы;
1995-1997 жылдары - Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің аса қауіпті қылмыстарын тергеу басқармасының бастығы;
1997-2000 жылдары - адамға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы, ГДОК бастығының орынбасары, ГУУР басшысы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары;
2000-2003 жылдары - Алматы облысы ішкі істер департаментінің бастығы;
2003-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі;
2008-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;
2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;
2015 жылдың 24 желтоқсанында - Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
2016 жылдың 12 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро төрағасының орынбасары болып тағайындалды;
2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2017 жылғы 11 желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
2019 жылығы 14 маусымынан бастап мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалды.
13 маусымда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қаулы қабылдады.
"ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта аталсын. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін", - делінген Қаулы мәтінінде.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.