Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір бала қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шортандыда газ баллоны жарылысынан зардап шеккен тағы бір бала көз жұмды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
2011 жылы туған Шортанды ауылындағы (Ақмола облысы) жарылыс салдарынан зардап шеккен қыз 22 қараша күні кешке қайтыс болды. Айта кетейік, бала елордалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол дереу реанимация бөліміне жатқызылды, өйткені жағдайы өте қиын болды. Дененің термиялық күйігі 60% , бала комада болды. Сондай-ақ қызда өте ауыр күйік болды,-делінген хабарламада.
Барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан пациентті құтқару мүмкін болмады. 22 қарашада кешкі сағат 11-де баланың жүрегі тоқтады.
Реанимациялық шаралар аясында жүрек қызметі қалпына келмеді. Біз баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз,-деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 16 қарашада Шортанды елді мекенінде газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты. 21 қарашада зардап шеккен бір баланың көз жұмғаны белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы