Шетелге бару үшін ғана вакцина алса, өздері жауап береді – Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «20:21» жобасына берген сұхбаты барысында хабарлады. 

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны шетелде алған қазақстандықтар көп.

Олардың барлығы елімізге келіп, екпе алғандарын растайтын құжаттарын көрсетіп, вакцинация құжатын рәсімдей алады. Құжатта олар салдырған вакцина көрсетіледі. Бірақ қазір вакцина алған ел азаматтары екпені қорғаныс үшін емес, шетелге бару үшін тағы салдырса, бұл вакцинацияның екінші курсы болып саналады. Бұл мәселе елімізде қарастырылмаған, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар вакцинаның екінші курсы Қазақстанда есептелмесе де, шекарада шетелдік екпені алғандығы туралы анықтаманы көрсете алады.

Егер адамдар вакцинацияның екінші курсын алғысы келсе, олар қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өз мойындарына алатын болады. Қандай да бір жанама әсерлері болса, жауапкершілік өздеріне жүктелетіндігі туралы ақпараттық келісімге қол қоюлары тиіс. Бүгін бүкіл әлемде вакцинаның алғашқы екпесі мен ревакцинация ғана қолданыста, - деді Айжан Есмағамбетова.  

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина қаншалықты тиімді екендігі туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы