7 Қазан 2026, 13:15 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Шетелде соғыс аймақтарында жүрген Қазақстан азаматтарын отанға қайтару: СІМ ресми мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі соғыс аймағынан қазақстандықтарды қайтару бойынша келіссөздер жүргізуде.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әлеуметтік желілердегі бейнеүндеулерінде отанға оралуға көмек сұраған қазақстандықтарды қайтару бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Ведомство бұл азаматтарға қатысты қажетті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Министрлік соғыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарының өтініштерімен жұмысты жалғастыруда. Сенім телефонына өтініштер келіп түсуде. Олардың әрқайсысы тексеріліп, тексеруден кейін дайын тізім ресейлік тарапқа беріледі.

СІМ бұл мәселе бойынша Ресей тарапымен әртүрлі деңгейде үнемі байланыста екенін нақтылады.

Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағындағы Қазақстан азаматтарының өтініштеріне қатысты жұмысты жалғастыруда. Әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялаған азаматтарға көмектесу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Оларды елге қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жедел желіге келіп түсетін әр өтініштегі ақпарат мұқият тексеріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін қалыптастырылған тізім ресейлік тарапқа жолданатын болады. Министрліктің аталған мәселе бойынша ресейлік тараппен түрлі деңгейдегі жұмысы жалғасуда, - деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ресейде жүрген қазақстандықтардың бейнеүндеулері пайда болған еді. Олардың айтуынша, өздерін Ресей Қорғаныс министрлігіне қатысты құжаттарға қол қоюға мәжбүрлеген және қазір Украинадағы соғыс аймағына жіберілу қаупі төніп тұр.

5 қазанда түсірілген басқа бір видеода ер адам шетелдегі бір топ қазақстандық Қазақстан елшілігі мен адвокаттардан көмек күтіп жатқанына он күннен асқанын айтты. Оның сөзінше, басында олар 15 шақты адам болса, қазір он шақтысы қалған, ал соғыс аймағына жіберіледі делінген мерзімге үш күн қалған.

СІМ бұл үндеулерге алғаш рет 2 қазанда түсінік берді. Ведомство жағдайға мейлінше байыппен қарайтынын, ал шетелдегі қазақстандықтардың құқығын қорғау министрлік үшін сөзсіз басымдық екенін мәлімдеді. Сол кезде кейбір отбасылардың көмек сұрап жүгінгені де хабарланған болатын.

Сол күні Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесті. Тараптар қазақстандықтарды отанға қайтару бойынша бірлескен әрекеттерді әзірлеуге келісті. Қазақстанның Ресейдегі елшісі жақын арада Ресей СІМ және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесуі тиіс.

Соғыс аймағында қалған қазақстандықтардың туыстары үшін министрлікте арнайы сенім телефоны жұмыс істейді. СІМ азаматтар туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарынан емес, тікелей азаматтардың өзінен немесе олардың туыстарынан хабарлауды сұрайды.

Азаматтарды қорғау үшін министрлікке олардың аты-жөні, туған күндері, болжамды орналасқан жері және жасасқан еңбек келісімшарттарының шарттары қажет. СІМ ведомствоның әртүрлі елдер мен өңірлердегі соғыс аймақтарынан отандастарды қайтарып алудың тәжірибелік тәжірибесі бар екенін еске салды.

Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
📱 +7 (7172) 72-05-00
📧 Dks_ast@mfa.kz

ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
📱 +7 (925) 897-71-14
📧 consul.moscow@mfa.kz

ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (906) 177-70-88
📧 astrakhan@mfa.kz

ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (905) 020-30-42
📱 +7 (843) 202 05 92
📧 kazan@mfa.kz

ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (968) 100-73-06
📧 omsk@mfa.kz

ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (939) 919-76-33
📧 ekaterinburg@mfa.kz

ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (981) 916-25-12
📱 +7 (921)-188-90-60
📧 s-petersburg@mfa.kz