3 Маусым 2025 2025, 10:31 Фото: видеодан алынған кадр

Шерзат ісі: Сотталуышылардың жарыссөздері басталды

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша өткен сот отырысында тараптардың жарыссөздері басталған еді. Прокурор айыпталушыларға қатысты жаза мерзімін сұрады. Сондай-ақ айыпталушылардың адвокаттары да сөз сөйледі.

Бүгін сотталушылар мен олардың қорғаушылары жарыссөзді бастады.

Еске салсақ, кешегі өткен сот отырысында прокурорлар сотталушыларға 23 жылға дейін жаза беруді сұраған болатын.