Шерзат ісі: "Ешқандай дәлел жоқ" Абзал Шынасылдың анасы жылап қалды

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі кезінде Абзал Шынасылдың анасы жарыссөз кезінде жылап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен Шынасыл Абзалдың анасы Есбергенова Ақбота Есенгелдіқызы. Мен мына жақта тағылып жатқан айыпқа келіспеймін. Өйткені мына жақта екі айдай болдық. Тыңдадық. Ешқандай дәлел жоқ. Адвакаттың сөзін қолдаймын, - деді ол.

Айта кетейік, прокурорлар прокурорлар іс бойынша айыпталушы Абзал Шынасылды – Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жылға бас бостандығынан айыру туралы сұраған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы