Шерзат Болат ісі. Абзал Шынасыл бостандыққа тек 2048 жылы шығады

Шерзат Болатты өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылға сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот үкіміне сәйкес, Абзал Шынасыл ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда:

• 293-баптың 3-бөлігі – бұзақылық;
• 99-баптың 2-бөлігінің 5, 9 және 14-тармақтары – адам өлтіру;
• 24-баптың 3-бөлігі, 99-баптың 2-бөлігінің 1, 7 және 9-тармақтары – адам өлтіруге оқталу.

Ол 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Егер үкім өзгеріссіз қалса, Абзал Шынасыл бостандыққа 2048 жылы ғана шығады.

Еске салайық, бұл іс бойынша барлығы 9 адам айыпталған. Бұған дейін қалған 8 сотталушыға қатысты қандай үкім шыққаны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы