Шекерашылар күні. Біздің міндетіміз – теңіз шекарасын күзету
Шекарашылар кәсіби мерекесін атап өтеді. Осыған орай ҚР ҰҚК Шекара қызметі облыстық департаментінің өкілдері еліміздегі ең шалғай шекара бекеті – Құлалыдағы жас әріптестерін құттықтап қайтты, деп хабарлайды Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл аралда Осылайша, күн сайын, кез келген ауа аайында шекараны қорғауға әскери қызметшілер жіберіледі.
Біздің ең басты міндетіміз – күнделікті уақытта мемлекеттік шекараға теңізге күзет жасаймыз. Және корабльдермен байланысқа шығу арқылы олардың тасымалын және экипаж мүшелерімен байланысқа шығып жүктерін текереміз. Олар туралы екінші девизон басқармасы мен шекара басқармасына баяндап отырамыз. Ең басты міндетіміз осы, – дейді «Құлалы» техникалық бақылау тобының жетекшісі Нұрбақыт Мәулетов.
Ефрейтор Айбек Тлешов Қазақстандағы ең алыс шекара жасағында 7 айдан бері қызметте. Батыс Қазақстаннан келген жас сарбаз Қазақстанның теңіз шекарасын күзетіп жүргеніне риза. Өйткені құрлықтан гөрі теңіздегі күзет қызық та, қиын қызмет.
Біздің міндетіміз – теңіз шекарасын күзету. Оның ішінде су бетіннен өткен көліктерді тексереміз. Тек күзетіп қана қоймай, біз қорғаймыз. Әр тексерістен соң ақпартты лезде "Құлалы" бақылау бекетіне хабарлап отырамыз, – дейді «Құлалы» техникалық бақылау тобының опеарторы Айбек Тлешов
Теңізшілер арасында қалыптастқан ерекше дәстүр бар. Ол дәстүр бойынша қатарға енді қосылған теңізші айдынға шыққан уақытта теңіз суын ішіп, ресми «Теңізші» атын алады. Мереке қарсаңында теңіз бетіне алғаш сапар шеккен матростар осы рәсімді жасап «Теңізші» мәртебесін растайтын сертификатқа ие болды.
Биыл техникалық қадағалау топтары 243 аумақтық заң бұзу фактісін тіркеді. 19 тәртіп бұзушы ұсталды. Ал жыл басталғалы бері 103 ішкі аумақтық суларды бұзу фактісі тіркелді , - дейді ҚР ҰҚК шекара қызметі МО бойынша департаментінің бастығы Әділ Бүркітбаев .
Шекарашылар күні қарсаңында Каспийде Әскери-теңіз күштерінің командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Жаттығу барысында Каспий теңізінің қазақстандық секторында «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблінің, «Алатау» мина-тартқыш кораблінің және «Жайық» гидрографиялық кемесінің экипаждары «шахид-катерлердің» шабуылдарын, ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен қарсыластың әуе шабуылы құралдарына тойтарыс беру жөніндегі іс-қимылды пысықтауда. Әскери теңізшілер күдікті кемені қарап тексереді, ұрыста зақымданған апаттық корабльді іздестіруді және құтқаруды ұйымдастырады.
Оқу-жаттығу барысында Әскери-теңіз күштерінің бағынышты бөлімдерінің бөлімше командирлерінің, басқару органдарының даярлық деңгейі тексерілетін болады. Жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және оны жүргізу, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету барысында командалық құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылады, – деп атап өтті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.
Оқу-жаттығу жиыны Ақтау порты мен Солтүстік терминалда, теңіз экономикалық қызмет объектілерінде жүрді. Теңізшілер маневрлер кезінде барлық дәрежедегі командирлер қойылған міндеттерді орындауға дайындалып, қажетті тәжірибе жинақтады.