Шегірткелердің таралу алаңы 970 мың гектарға азайды – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс мәлімдеді.
Оның айтуынша, үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтары анықталып жатыр.
Үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін GPS навигаторларды, GPS трекерлерді, планшеттерді пайдалана отырып және 527 бірлік автокөлік пен 1239 тексерушілер тартылып, 38,4 млн гектар аумақ тексеріледі. Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізуге 165 бірлік арнайы бүріккіш техника тартылды. Атап айтқанда, 116 бірлік жерүсті бүріккіштері, 7 ұшақ, 16 бірлік аса жеңіл авиация кемелері және 26 бірлік аэрозольді газ генераторлары жұмылдырылды, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Сонымен қатар ол өңдеу жұмыстары уақытылы жүргізілетінін алға тартты.
Өңдеу уақтылы және жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізіледі. Шегірткелердің Қытай, Ресей, Өзбекстан секілді көршілес мемлекеттердің аумағынан шекаралас аумақтарына көшуін болдырмау үшін шегірткелер зиянкестерін анықтау мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізілді. Айта кетсек, фитосанитариялық іс-шаралардың нәтижесінде шегірткелердің таралу алаңын 2018 жылғы 1,7 млн гектардан 2022 жылы 970 мың гектарға дейін қысқартылды, - деді Алмабек Марс.
Еске сала кетейік, бұған дейін ел қазынасынан шегірткемен күреске 2,5 млрд теңге бөлінгені туралы жазған болатынбыз.