Мирзиёев елордадағы «Отан Қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Ескерткіш екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ жауынгерлерін еске алуға арналған. Оның биіктігі 37 метр. Монументтің ортасында «Отан-ана» бейнесі бейнеленген.

Шет мемлекеттердің басшылары Қазақстан халқына деген терең құрметтің белгісі ретінде ескерткіштің жанына гүл шоқтарын қояды.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізге Өзбекстан президенті іс-сапармен келгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы