Үшауысымды мектеп мәселесі әлі шешілген жоқ – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балаларды сабақтан тыс уақытта қосымша білім берумен қамту төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.
Қазақстан бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексінде "дағды" факторы бойынша 56 орында, ал IMD рейтингінде "білім" субфакторы бойынша 26 орында тұр.Сонымен қатар, министр өткен жылы ведомствоның атқарған жұмыстарына тоқталып, маңызды шара ретінде "Педагог мәртебесі туралый заңның қабылданғанын атап өтті.
2019 жыл БҒМ үшін маңызды жыл болды. Ең біріншіден, Тәуелсіздік тарихында бірінші рет педагог мәртебесін көтеретін «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңы қабылданды. Екіншіден, білім беру және одан дамыту туралы 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Білім саласын, білім беру жүйесі бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актілер енгізілді. Ең бастысы, барлық қабылданған заңдар, бағдарламалар тиісті, қажетті деңгейде қолға алынды... Кеше, бүгін де осы нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау үшін сіздермен бірге талқылап жатырмыз. Әлі де ұсыныстар болса қабылдаймыз. Министрлік ашықтық саясатты қолдаймыз, – деді Асхат Аймағамбетов.
Айтуынша, бүгінде еліміздегі балабақшалардың үлесі 41 пайызға ұлғайған. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 100 пайызға жуықтайды.
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиеге келетін болсақ, жекеменшік балабақшалардың үлесі 41% дейін ұлғайды. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 98% жетті. Орта білім беруде мектеп оқушыларының 95% жаңартылған білім беру бағдарламасына ауысты. 446 мектеп жан басына қаржыландыруға көшті. 113 жекеменшік мектепте мемлекеттік тапсырыс орнатылды. Көптен бері осы мәселені айтып кеткен болатынбыз. Бұл саясат өз нәтижесін беріп келеді. Алдынғы жылы 71 жекеменшік мектеп ашылды. Келесі жылы біздің жоспарымызға сәйкес 100 жаңа мектеп ашу көзделіп отыр, – деді ведомство басшысы.Асхат Аймағамбетов білім саласында реттелмеген мәселелер ретінде үшауысымды мектеп проблемасын атады.
Үшауысымды мектеп мәселесі әлі шешілген жоқ. Балаларды сабақтан тыс уақытта қосымша білім берумен қамту төмен деңгейде қалып отыр. Оны біз айтуымыз керек. Бізде мектепішілік үйірмелер мен іс-шаралар туралы заңдар бар. Қазір біз қосымша білім беру ұйымдарын көбейтуіміз керек. Олардың санын көбейту мәселесі жаңа бағдарламада бекітілген. Сондықтан бұл саясатты қолдаймыз, – деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы басталды
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы