Шахтадағы апат: Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі шықты
Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко атындағы шахтадағы апатты жою және кеншілерді іздеу бойынша іс-шаралар жоспарын белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов төтенше жағдайларды жою штабын басқару үшін оқиға орнына барды.
Аварияны жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізілуде.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.
Айта кетейік, Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған. Соңғы мәліметтер бойынша 11 адам қаза тапқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шахтадағы апат: Қаза тапқандар саны 11 адамға жетті
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы