17 Тамыз 2023 2023, 17:55 Фото: - архив

Шахтадағы апат. Екі адамның денесі табылды

«Қазақстан» шахтасындағы өрттен қаза болған екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан» шахтасындағы өрттен қаза болған екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенген болатын.

Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болды, оның 222-сі жер бетіне көтеріліп, бес адамды іздестіріп жатқан. Зардап шеккен екі адам реанимацияда жатқанын жазған болатынбыз.