Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ойында есеп қайта теңесті

Астанада өтіп дүбірлі доданың 6-шы партиясы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий қытайлық Дин Лиженнен айласын асыра алмай, жеңіліске ұшырады. Осылайша әлемдік тәж үшін бәсекеде есеп қайта теңесіп, 3:3 болды. Ендігі 7-ші партия 18 сәуірде ойналады.

Айта кетейік, елордада өтіп жатқан жарыс 14 партиядан тұрады. Алайда ойыншылардың біреуі 7,5 ұпай жинаса, мерзімінен бұрын Әлем чемпионы атануы мүмкін. Ал шахматшылар тең түссе, жеңімпаз жылдам шахмат бойынша плей-оффта анықталады.

Ян Непомнящий шахматтан әлем чемпионы атағы үшін осымен екінші рет таласып жатыр. Екі жыл бұрын ол норвегиялық Магнус Карлсенге жеңіліп қалған еді. Ал Дин Лижен чемпиондық тәж үшін бәсекеге түсіп жатқан алғашқы қытайлық шахматшы. Жарыстың жүлде қоры 2 миллион доллар, оның 60 пайызын жеңімпаз, ал 40 пайызын 2-ші орын алған шахматшы алады.

Еске сала кетейік, 7 сәуірде Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін жарыс басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kazchess.kz/©Сергей Алексеенок
Өзгелердің жаңалығы