Үш министрлікте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің басшысы Анар Жарова мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың қорытындысын баяндады.
Оның сөзінше, елімізде 2015 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты талдау жүргізіледі."Жыл басынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "ҚазАвтожол" АҚ", Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық олимпиада комитетіне талдау жүргізілді. Талдаулар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының тапсырмасымен және мемлекеттік органдардың ынта білдіруімен, сондай-ақ қоғамдастықтың жүгінуі негізінде жүзеге асырылды", - деді Жарова.
Ол аталған алты ұйымның үшеуі талдау жүргізуге өздері бастама көтерген.
"Жүргізілген талдаулардың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық себептері мен жағдайларын анықтаудың нақты шаралары әзірленіп жатыр. Талдау нәтижелері көпшілікпен бірлесіп республикалық деңгейде ашық және кеңінен талқылануда",- деді департамент басшысы.
Жарова шілде айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары және көліктік бақылау бөлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария бөлігі қызметіндегі анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралғанын айтты.
"Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау нәтижесінде оларды жою бойынша шаралар кешенін қабылданады. Оң мысал ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін келтіруге болады. Талдау және бірлесіп талқылау қорытындысынан соң жылдар бойы шешілмей келе жатқан екі мәселені нақты шешу жолдары анықталды:
1) мүгедектік тобын анықтау үшін әлеуметтік-медициналық сараптама жүргізудің объективтілігі;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына жалған жұмысқа орналасу фактілерін болдырмау.
Қазір министрлік заңнамаға қажетті түзетулер дайындауда, мүгедектікті беру және электрондық еңбек шарттары жүйесін енгізу кезінде сырттай куәландыру бойынша IT-шешімдер пилоттық режимде сынақтан өтуде", - деп сөзін түйіндеді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вице-министр түлектер таңдаған үздік 5 университетті атады
Өзгелердің жаңалығы