Сенатор "тоқалды" заңдастыруға қатысты пікірін айтты
Сенат кулуарында журналистер депутат Жанна Асановадан Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның “тоқал институтын” заңдастыру туралы ұсынысына көзқарасын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сұраққа жауап берген сенатор мұндай бастаманы қолдамайтынын айтты.
Сондықтан айтылғанның барлығы - жеке пікір. Мен некедегі зайырлы қарым-қатынасты қолдаймын, - деді Жанна Асанова.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан “тоқал институтын” заң жүзінде реттеуді ұсынған болатын.
Оның айтуынша, заң екінші жар атанған әйелдердің және олардың балаларының құқықтарын қорғауға бағытталуы тиіс.
Бұған дейін қазақстандық продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанын айтқан болатын.
Сондай-ақ, Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқановаға айыппұл салынғаны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Өзгелердің жаңалығы