Сенат ТМД елдері қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесіне қатысты құжатты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың айтуынша, бұл келісім 2020 жылы 29 мамырда жасалған. Келісімге 6 мемлекет қатысады. Атап айтқанда, оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды.

Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында бірлескен байланыс жүйесін қарауды көздейді. Бірлескен байланыс жүйесіне келісілген ұйымдастырушы және өзара іс-қимыл жасау жоспары бойынша қолданылатын байланыс күштері мен құралдары кіреді, - деді министрдің орынбасары.

Жүйенің міндеті – қарулы күштерді басқару жүйесінде, қарулы күштер арасында көрсетілетін байланыс қызметін ұсыну, барлық ақпарат түрімен алмасуды, ТМД форматында құрылған әскери саладағы біріккен өзара іс-қимыл жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ ортақ пайдаланылатын ұлттық байланыс желілері мен арнайы мақсаттағы байланыс желілерімен қажетті үйлесімділікке қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.

Өкілетті орган өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, Бірлескен байланыс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында өзінің байланыс желісі ресурсын пайдалана алады. Бірыңғай техникалық тәсіл, қазіргі заманғы әскери техникамен, байланыс жабдығымен басым түрде жарақтандыру негізінде құрылатын Бірлескен байланыс жүйесі мемлекеттер қарушы күштерінің жауынгерлік қабілетін арттырады, - деп түсіндірді Дарын Тұяқов.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутаттар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Astana LRT ісі бойынша сот үкімінің күші жойылды
Өзгелердің жаңалығы