Сенат сайлауының бюллетеньдері дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға арналған сайлау бюллетеньдерін әзірлеу туралы қаулы қабылдады.

Сайлау бюллетенінің формасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 26 сәуірдегі №33/129 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен Ортсайлаукомның 2014 жылғы 6 маусымдағы №10/233 қаулысымен бекітілген. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 37-бабының 2-тармағына сәйкес, сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен сайлау округіндегі сайлаушылар санына тең мөлшерде дайындалады, - деді ҚР ОСК хатшысы Сабила Мұстафина.

Осыған байланысты "2020 жылы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы" қаулы қабылданды. Қаулыға сәйкес облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссияларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің сайлаушылар санына сәйкес сайлау бюллетеньдерін дайындау тапсырылды.

Бұған дейін 12 тамызда өтетін Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталғанын және оған еліміздің 14 облысы және республикалық маңызы бар қалалардан 58 үміткер тіркелгенін жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы