Семейдегі орман өртінен келген шығынды арнайы комиссиясы есептейді

Абай облысындағы алапат орман өртінен келген шығын көлемін арнайы комиссия есептеп, тексереді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Арнайы комиссия құрылады. Үлкен жұмыс күтіп тұр, біз оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде жасаймыз. Тиісті комиссия жұмысына өрт сөндірілгеннен кейін кіріседі. Себебі өрт әлі ауыздықталған жоқ. Десекте қазірдің өзінде шығынның ауқымды болатынын аңғаруға болады. Семей орманындағы өрт еліміздегі ең ірі табиғи апаттың бірі шығар, – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.

Айта кетсек, Абай облысындағы орман өрті фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Прокуратура өртке қатысты тергеуді Қылмыстық кодекстің «абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша жүргізілетіндігін хабарлаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы