Семейдегі орман өрті: Қордың ақшасынан көмектескенбіз – облыс әкімі

Орталық коммуникациялар қызметінде «Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифинг барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаз айында болған өрттен кейін материалдық техникалық базаны нығайту бойынша тапсырма берілді. Бұл мәселе қалай шешіліп жатыр? деп БАҚ өкілдері облыс әкіміне сұрақ қойды.

Ең қиыны орман өртінде азаматтарымыздың қаза тапқаны. Орман экология министрлігіне қарайды. Бірақ біз осы жауапкершіліктен қашпаймыз. Жер біздікі. Адам біздікі. Бюджеттің деңгейі де бөлек. Семей орманы республикалық бюджеттен қаржыландырады. Бірақ біз өз тарапымыздан көмек көрсеткенбіз. Өрт болған кезде бүкіл қазақ елі көмек жасап, қорға ақша аударған. Сол қордың есебінен көмектескенбіз. Техника алып, қаза тапқан отбасыларға да көмектескенбіз, - дейді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 8 маусым күні «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт болып, 14 қызметкер қаза болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы