Семейде өртенген орманды сөндіруге 200-ге жуық адам жұмылдырылды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі "Семей орманы" МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жоюға қатысты қосымша ақпаратты таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта өртті жоюға барлығы 175 адам, 48 техника және "Казавиаорманкорғау" ұжымынан 2 тікұшақ жұмылдырылды, оның ішінде Абай облысы ТЖД-дан 85 адам және 19 техника, орман шаруашылығынан 72 адам және 25 техника, Абай облысы Полиция департаментінен 15 адам және 3 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 3 адам және 1 техника, - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатқаны хабарланды. Өрт шамамен 0,3 га аумаққа тараған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Диетолог жазда тұтынуға кеңес бермейтін азық-түліктерді атады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы