Селфидің ауыр зардабы: Қостанайда тоқ соққан жасөспірімге 18 ота жасалды
Жасөспірім суретке түсу үшін вагонның үстіне шыққан.
Теміржол вагонында суретке түспек болған 15 жасар жасөспірім жансақтау бөлімінде 43 күн жатты. Сонымен қатар оған 18-ге жуық ота жасалды. Бұл туралы Қостанай облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел жәрдем бригадасы баланы маусымның 25-і күні травматология пунктіне жеткізген.
Белгілі болғандай, жасөспірім суретке түсу мақсатында теміржол вагонына шыққан. Оны 27 мың вольттан астам кернеудегі тоқ соққан.
«Бала жансақтау бөліміне жатқызылып, онда шокқа қарсы іс-шаралар жасалды. Қарқынды терапия, қан құю, ота жасау емдері жүргізілді. Ол жансақтау бөлімінде 43 күн жатты. Жалпы алғанда, балаға 18-ге жуық ота жасалды. Реаниматолог дәрігерлердің, травматологтардың, ота бөлімі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді сатып алуға көрсетілген демеушілік көмектің арқасында баланың жағдайы жақсарды. Аяқ-қолы кесілмей, емделіп, аман-сау қалды», - деп хабарлады Қостанай областық балалар ауруханасы.
Ауруханада дәрігерлер операциялық блок мамандарымен бірлесіп баланың жағдайын тұрақтандырған. Нәтижесінде дәрігерлер жасөспірімнің аяқ-қолын аман сақтап қалып, өмірін де құтқарған.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайды селфи жасамақ болған жасөспірім вагон үстіне шығып, денесінің 60 пайызын күйік шалғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада аулада тоқ соққан 5 жасар бала жансақтау бөліміне түсті
Ақмола облысында 18 жастағы жігітті тоқ соғып, көз жұмды
Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды