Сайлаушылардың 30 пайызға жуығы өз таңдауын жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова сайлаушылардың дауыс беруі туралы кезекті ақпаратты ұсынды.
Орталық сайлау комиссиясына аймақтардағы сайлау комиссияларынан келіп түскен ақпарат бойынша бүгінгі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 28,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды, - деді ол.
Олардың ішінде:
Ақмола облысы – 26,6%,
Ақтөбе облысы – 25 ,6%,
Алматы облысы – 28,5%,
Атырау облысы – 29,8%,
Батыс Қазақстан облысы – 32,2%,
Жамбыл облысы – 32,1%,
Қарағанды облысы – 33,5%,
Қостанай облысы – 30,1%,
Қызылорда облысы – 28,9%,
Маңғыстау облысы – 23,7%,
Павлодар облысы – 33,1%,
Солтүстік Қазақстан облысы - 34,2%,
Шығыс Қазақстан облысы – 29,9%,
Түркістан облысы – 33,1%,
Алматы қаласы – 15,7%,
Шымкент қаласы – 34,1%,
Нұр-Сұлтан қаласы – 24,2%.
Айта кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев еліміздегі республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтар сағат 10:00-дегі жағдай бойынша бюллетеньдерді сайлаушылардың 11,6%-ы алғанын мәлім еткен болатын.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де ұсынылатын болады.