Сәрсенов: «SOS батырмасы» пилоттық режимде іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов «102» мобильді қосымшасының таныстырылымында айтты.
Біз «SOS батырмасын» пилоттық режимде іске қостық. Талапкер тасжолында бір қондырғыны тестілік режимде іске қостық. Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларында қосымша қондырғылар іске қосылады. Олар саябақ, адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда орнатылады, - деді ол.
Сәрсенов атағандай, азаматтардың телефоны өшіп қалған жағдайда да ол батырманы басуына болады.
Оның видео немесе аудио хабарламасы Жедел орталық басқармасына келіп түседі. Картада оның мекенжайы шығады. Біздің қызметкер оның видеосы мен аудиосын көре алады. Шынымен де, азаматқа көмек керек болған жағдайда полиция жасағын жібереді. Бұл жоба да МЖӘ аясында жүзеге асырылады. Оған қаражат жұмсалмайды. Бірқатар жеке серіктес ынтымақтастық жүргізуде. Жүйені қазақстандық әзірлеушілер жүзеге асырып жатыр. Олар Қарағанды мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жұмыс істеп жатыр. Жоба толық әзірлеген соң, біз оны таныстырамыз, - деді ол.
Айта кетейік, Сәрсенов таныстырылым барысында оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе іске қосылатынын айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Адамдар пәтер ақысын төлеуге 50-100 мың теңге іздеп жүр. Депутат Маминге мәселені төтесінен қойды
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы