Сарбаздардың жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды
Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімше сарбаздарының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде аталмыш әскери бөлімшеде қалған әскери қызметшілердің арасында емдеу-алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлердің әл-ауқатына қатысты жаңа шағымдар түскен жоқ.
Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде, - деп атап өтті ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшенің 40-тан астам әскери қызметшісі ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) белгілерімен жұқпалы аурулар орталығына жатқызылғанын жазған едік.
Бүгін министр Ақмоладағы 45 сарбаздың қандай ауру жұқтырғанын айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елде қызылша ауруы ушығып тұр
Өзгелердің жаңалығы