Сапарбаев Ұлан Жазылбектің отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыларыңа ортақтасып, көңіл айтамын. 

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол саналы ғұмырын еліміздің дамуына арнап, ұзақ жылдар бойы елеулі еңбек етті. Құрылыс саласында түрлі жауапты қызметтерде болып, өзінің жоғары қарым-қабілетін, біліктілігін байқатты. Соңғы жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары ретінде жемісті жұмыс атқарып, өңірдің өркендеуіне өз үлесін қосты, - деді ол.

Ұлан Еркінұлы қызметте өзін оң қырынан танытып, әріптестері арасында да сыйлы, білікті басшы атана білді. Өз тәжірибесін жастармен бөлісіп жүретін, айналасына абыройлы азамат еді.

Осындай аяулы тұлғаның қазасын күйзеліспен қабылдадым. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын. Артында қалған ұрпағы, жақындары ғұмырлы болсын, - деді Сапарбаев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы