Бүгiн 2026, 12:22
Фото: Instagram/sanzhar_bokayev
Санжар Боқаев ісі: Ауыр қылмыстар бойынша күдік бар – Бас прокуратура
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев қатысты тергеудің жаңа мән-жайлары айтылды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Сенат кулуарында мәлім етті.
Санжар Боқаевтың айтуынша, белсенді бірнеше ауыр қылмыс бойынша күдікке ілінген.
Аталған тұлға алаяқтық жолмен аса ірі мөлшерде ақша жымқырды және заңсыз ағаш кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Әзірге басқа ақпаратты жариялай алмаймын, – деді Өтегенов.
Журналистер алаяқтық қай кезеңге қатысты екенін нақтылаған кезде, Бас прокурордың орынбасары:
Ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде, – деп қысқа жауап берді.
Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Санжар Боқаев ұсталды.