Саммит түркі әлемінің саяси бастамалары жоғары деңгейде екенін көрсетті – Умаров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше онлайн режимде Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті өтті. Бауырлас елдің басшылары ортақ маңызды мәселелерді талқылауға уақыт табуы жақсы үрдіс. Қазіргі заманда коронавирустан бастап жаңа геосаяси және геоэкономика сынақтары жетіп артылады.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы Асқар Умаров facebook-тегі парақшасында жазды.
Түркі әлемінің жүйелі интеграциясы үндеулер мен хайпсыз жалғасып жатыр. «Step by Step» түркі интеграциясының әдісі де осымен ерекшеленеді. 1993 жылдың басында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағытында ТҮРКСОЙ құрылды. Содан кейін 2008 жылы парламентшілер арасындағы ынтымақтастық ретінде ТүркПА пайда болды. 2009 жылы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі пайда болды. Сол жылы ғылыми ынтымақтастық бағытын дамыту мақсатында Түркі академиясы құрылды. 2012 жылы Түркі мәдениеті мен мұрасының қоры құрылды. Қазір түркі кеңістігін институциялауды экономикалық және қаржылық бағыттар тұрғысынан да дамытып, жетілдіру керек, - дейді Умаров.
Оның сөзінше, Түркі кеңесі ұйым болып қайта құрылады, бұл оның тиімділігі мен мәртебесіне сөзсіз ықпал ететін болады.
Жаңа институционалдық құрылымдар құру жөніндегі ұсыныстар - уақыт талабы. Атап айтқанда, Қазақстан Президентінің Түркістан өңірінде түркі елдерін біріктіретін «арнайы экономикалық аймақ» құру, түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру жөніндегі жұмысты жеделдету туралы ұсыныс жасады. Өзбекстан Президенті ұсынған түркі мемлекеттерінің Даму банкі де түркі Президенттерінің бір бағытта ойлайтынын көрсетеді. Әзербайжан Президентінің түркі кеңесінің барлық елін қамтитын азат етілген аумақтар арқылы жаңа транзиттік жолды пайдалану туралы ұсынысы да прагматикалық көзқарасты көрсетеді, - дейді Асқар Умаров.
Төраға түркі бірлігі - бұл туларды желбіретіп, әсірелеп сөйлеу емес, бұл ерекше прагматизм, онсыз қазіргі әлемде бірде-бір жобаны сәтті жүзеге асыру мүмкін емес екенін атап өтті.
Кеше өткен онлайн саммит түркі әлемінің саяси акциялары жоғары деңгейде екенін көрсетті. Дағдарыстан кейінгі жаңа әлемде тек прагматиктер ғана мықты болатынын түсіне отырып, түркі Президенттері цифрландыру, білім беру, логистика, сауда мәселелерін өзекті санап отыр. Әрине, мәдениет, ғылым және өнер де ұмытылмайды. Прагматизмді идеялар қолдауы керек. «Түркістан декларациясы» құжатының атауында қыпшақтар, оғыздар, қарлұқтар, барлық түркі тайпасы өмір сүрген, Батыс пен Шығыспен ынтымақтас болған көне Түркістан өлкесі жатыр. Мұнда көптеген заманауи мәдениет үшін негіз болған қайталанбас түркі қалалық өркениеті дүниеге келді, - дейді Асқар Умаров.Умаровтың айтуынша, көшпелі және қалалық мәдениет сәйкеспейтіні туралы аңыз жоққа шығарылды.
Ал қалалық мәдениет бұл бірінші кезекте прагматикалық дамуға арналған бағыт. Сондықтан Түркістан атауының өзі тек киелі ғана емес, бұрынғы жаһандық рөлдің жандануына негіз болды. Ежелгі Түркістан бүгінде түркі әлемінің рухани астанасы бола отырып, жаңа тарихи жолға айналғанын көріп отырмыз, - деп түйіндеді сөзін Асқар Умаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әділет генерал-майоры қайтыс болды
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы