Бүгiн 2026, 09:40 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Салық түсімдерінің өсуі Қазақстан бюджетінің тұрақтылығын нығайтты

Экспортқа қолайлы бағалар, сату көлемін ұлғайту және салықтық және кедендік әкімшілендіруді күшейту өсу факторларына айналды.

Республикалық бюджеттің 98%-ын салық түсімдері құрайды. Бюджет кірістері 101,8%-ға орындалды, 4 трлн теңге жоспарланған болатын, бұл шамамен 4,2 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, негізгі өсімге ықпал еткен жағдайлар:

корпоративтік табыс салығы (КТС) – 16,9%;

импортқа қосылған құн салығы (ҚҚС) – 24,2%;

пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ХДПИ) – 35,7%

Экспортқа қолайлы бағалар, сату көлемін ұлғайту және салықтық және кедендік әкімшілендіруді күшейту өсу факторларына айналды.

Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. ҚҚС төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда бюджет кірісі 6,4 трлн теңгеге жетіп, 17%-ға жуық өсім көрсетті. Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері де жоспарлы көрсеткіштерден жоғары болды.

Сондай-ақ, елімізде алты ай қатарынан инфляция дейгейі төмендеп келеді. Наурызда бұл көрсеткіш 0,6%-ды құрады, ал қаңтар-ақпан айларында инфляция сәйкесінше 1,0-1,1%-ды құрады.