Бүгiн 2026, 11:13 Фото: ©BAQ.KZ архиві

«Сабырлық сақтаңыздар»: Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Әуежай аумағында авиациялық оқиға кезіндегі іс-қимылдарды пысықталады.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2026 жылғы 22 мамырда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін әуежай аумағында жоспарлы оқу-жаттығу жұмыстары өтетінін хабарлады.

2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аумағында авиациялық оқиға кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығу барысында әуежайдың авариялық-құтқару қызметі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен, өрт сөндіру бөлімшелерімен, жедел-құтқару жасағымен, Апаттар медицинасы орталығымен, 103 қызметімен және әуе компанияларымен бірлескен әрекеттерді пысықтайды. Іс-шара кезінде әуежай аумағында арнайы техника мен жедел қызметтердің жұмысы ұйымдастырылуы мүмкін. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!, - деп хабарлады әуедайдың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда жаңа әуежай ашылуы мүмкін екені, Президент Павлодар облысының әкіміне тапсырма бергені хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматы әуежайында шу шығарған мас шетелдік айыппұл төледі

Атырау әуежайында "тапанша бар" деп әзілдеген түркістандық жазаланды

Астана әуежайы ерекше балаларға ыңғайлы жаңа қызметті іске қосты