Алматы әуежайында шу шығарған мас шетелдік айыппұл төледі

Алматы – Франкфурт бағыты бойынша ұшатын рейстің жолаушысы мас күйінде әуежайда шу шығарып, айналасындағыларға агрессивті мінез көрсетіп, балағат сөздер айтқан және шыны витринаны ұрған.

 Facebook / Almaty international airport Бүгiн 2026, 08:55
Бүгiн 2026, 08:55
148
Фото: Facebook / Almaty international airport
Алматы әуежайында мас жолаушы жанжал шығарып, әйнек сөрені сындырды,.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Алматы – Франкфурт бағыты бойынша ұшатын рейстің жолаушысы мас күйінде әуежайда шу шығарған.

Белгілі болғандай, ер адам айналасындағыларға агрессивті мінез көрсетіп, балағат сөздер айтқан және шыны витринаны ұрған. Соның салдарынан шыны сынып, жанында тұрған бюро қызметкерлерінің үстіне құлаған. Оқиға әуежайдың екінші қабатында болған.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Тәртіп бұзушы мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне жеткізілген. Оның Қазақстан аумағында тұратын, Арыс қаласындағы жекеменшік компаниялардың бірінде жұмыс істейтін 32 жастағы Канада азаматы екені анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Наверх