Сәбиді құтқарған Сәбит тағы да марапат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 3 жасар сәбиді 8-қабаттан құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев көрсеткен ерлігі үшін тағы да марапатталды.
Ол Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған патриоттар формуында «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» бағыты бойынша «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталды.
Сонымен бірге Бүгін Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай қазақстандық вакцинаның әзірлеушісі Күнсұлу Закария «Жыл патриоты» номинациясын жеңіп алды.
Оны «Медицина және волонтерлік» бағыты бойынша «Жыл патриоты» номинациясымен Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов марапаттады.
Осыған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Мәдениет және спорт» бағыты бойынша 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Паралимпиадасының қола жүлдегері Александр Герлицті марапаттады.
36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тумасы. Бұған дейін бүгінгі күннің батырымен сұхбаттасқан едік.
Іс-шараға көрнекті мәдениет өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар және т.б. қатысып отыр.
Салтанатты жиында «Ғылым және білім», «Мәдениет және спорт», «Медицина және волонтерлік», «Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы», «Технология және бизнес» және «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» номинациялары бойынша ерекше көзге түскен азаматтар марапатталып жатыр.
Осыған дейін Дәурен Абаев Біз әрқашан Туымызды, Әнұранымыз бен Елтаңбамызды мақтан тұтатынымызды айтты.