12 Қыркүйек 2026, 20:10 Фото: Арина Соболенко (сол жақта) және Елена Рыбакина / WTA

Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open финалына шықты. Бұған дейін оның бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі – 1/8 финалға дейін жету еді.

Елена Рыбакина алғаш рет US Open финалына шықты. Ал Арина Соболенко – осы турнирдің соңғы екі жылдағы жеңімпазы.

Не?
Маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі – АҚШ ашық чемпионатының финалы.

Қайда?
Нью-Йорк, АҚШ.

Қашан?
13 қыркүйек күні сағат 01:00-де, Қазақстан уақытымен.

Кімдер ойнайды?
Қазіргі таңда әлемнің бірінші ракеткасы болып тұрған Арина Соболенко (Беларусь) және 14 қыркүйектен бастап әлемнің бірінші ракеткасы атанатын Елена Рыбакина (Қазақстан).

Матчтың тікелей эфирін осы жерден және осы жерден көруге болады.

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open финалына шықты. Бұған дейін оның бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі – 1/8 финалға дейін жету еді. Қазақстандық теннисші финалға дейін Тея Фродинаны (WTA рейтингінде 585-орын), Джессика Бусас Манейроны (105), Юлия Стародубцеваны (58), Наоми Осаканы (13), Чжэн Циньвэньді (121) және Кори Гауффты (4) жеңді.

Ал US Open турнирінің соңғы екі жылдағы жеңімпазы Арина Соболенко биылғы жарыста Камила Осорионы (59), Полина Яценконы (160), Камилла Рахимованы (92), Тейлор Таунсендті (96), Линда Носкова (6) және Джессика Пегуланы (3) жеңіп, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина матч нәтижесіне қарамастан, 14 қыркүйек, дүйсенбі күні ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанады.